Авторская программа "Казахское национальное искусство хореографии"
КГКП"Дворец творчества школьников"
Мың бұрала өнереге қанат бітір,
Келіпті өнерге талапты кіл .
Бар дәстүрін тірілтіп көз алдында,
Дүркірете сілкіндір қазақты бір.
Қазақ биі-орындаушының қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем бейнені бейнелейтін ұлттық сахна өнері.Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен,ән-күйлерімен,дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан халық мұрасы болып табылады.Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі ұлттық би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ халқының жалпы дүние танымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған.Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.Қазақ би өнері синкреттік түрде дамып,өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды орны жоғары.
Хореография өнері әр-түрлі бөлімнен тұрады:
1.Әуенді қозғалыстың әліппесі
2.Классикалық би қимылдары
3.Тарихи-әлеуметтік би қимылдары
4.Ұлттық би қимылдары
Оқу бағдарламасына
Т Ү С І Н І К Х А Т
1. Пәннің мақсаты мен міндеті «Тәрбиеленушілерге би өнерінің күнделікті өмірдегі маңыздылығын айтып беру,олардың көркем шеберлік талғамын жоғарлату маңызы.»
Мақсаты:Мәдени-рухани ғұрыптың бағалы жүйесін тәрбиеленушілердің бойына қалыптастыру,би өнерінің күнделікті өмірге байланыстылығын жасай білу және қоғамда өздерінің талғамдарының жоғары екенін сезіну.
Бағдарламаның негізгі міндеті:Тәрбиеленушілерге дене қимылдарын жетілдіруге ,өзін-өзі басқаруға,тәрбиелеуге,әуенді сүюге,ырғақты сезе білуге,есте сақтау қабілетін жоғарлатуға эстетикалық талғамын дамытуға өнерге деген қызығушылығын арттыруға талпыныс беру.
- Тәрбиеленушілермен жұмыс жасаудағы бағыты кәсіби шеберліктерін арттыру және бірте-бірте жеңіл жаттығулардан күрделі жаттығулар жасауға амал-тәсілдерді пайдалану,әдісін қолдану.
« Қазақ би өнерін_» оқу барысын қортындылай келе тәрбиеленушілер білуге міндетті :Би өнеріне тәрбиленуде өзіне би қаншалықты маңызды екенін сезіну,толықтай таныса білу,ішкі дүниенің,қимыл қозғалыстың әдемілігін,нақтылығын,жеңілділігін,күшін,мәнерлілігін түсіну.Әуенді ырғақтың сауаттылығын арттыру,бидің эмоционалды мінезін көрсету.
Жаттығу кезінде талап етілетін әрбір ескертуге ден қою,сабақта өзін-өзі ұстау,тазалық гигиенасын сақтау,жаттығу киімін кию,оның тазалығын,сырт пішінің жинақылығын қадағалау.
Ұлтына деген сүйіспеншілігінарттыру және патриоттық сезімін ояту.
«Қазақ би өнерін» оқу барысын қортындылай келе тәрбиеленушінің білу міндеті:орындайтын жаттығуды өте тиянақтылықпен жоғары орындау шеберлігі,әуенді тілді,әуен сөйлемін,фразасын,ұзақтығын білу,әуенді өлшемдерді ажырата білу,дене қозғалысының иілгіштігін,созылмалылығын,қозғалыс бағытын нақтылай білу.
Жаттығу барысын қортындылауда тәрбиеленушілер нағыз маман болып
шығу.
Оқу мерзімі бес жыл.
ТАҚЫРЫПТЫҚ-ОҚУ ЖОСПАРЫ:
1- ші оқу жылы
|
№ |
Мазмұны/содержание
|
Барлағы/всего |
Теоритич. |
Практич. |
|
1 |
Хореографияның негізгі элементерімен таныстыру(қол калпы, аяқ қалпы, денені ұстау) |
12 |
4 |
8 |
|
2 |
Әуенді ырғақтың сауаттылығын арттыру. |
12 |
4 |
8 |
|
3 |
Қазақ биінің негізгі элементерін оқып үйрену. |
36 |
8 |
28 |
|
4 |
Жеңілділікті,нақтылықты, ырғақты қозғалыстардың маңыздылығына жету. |
24 |
6 |
18 |
|
5 |
Оқушыларға бидін эмоционалдық мінезін көрсете білу жане жеткізу. |
24 |
6 |
18 |
|
6 |
Өткен тақырыпқа байланысты би қойылымын қою. |
36 |
8 |
28 |
|
Барлығы |
144 сағат |
|||
Бағдарлама мазмұны
Хореографияның негізгі элементерімен таныстыру(қол калпы, аяқ қалпы, денені ұстау)
Әуенді ырғақтың сауаттылығын арттыру.
Қазақ биінің негізгі элементерін оқып үйрену.
Жеңілділікті,нақтылықты, ырғақты қозғалыстардың маңыздылығына жету.
Оқушыларға бидін эмоционалдық мінезін көрсете білу жане жеткізу.
Өткен тақырыпқа байланысты би қойылымын қою.




